Шекара

Қытай тауарларын елімізге Қырғызстан арқылы заңсыз өткізбек болғандар анықталды

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Қордай шекарасы

Қазіргі уақытта Қазақстан-Қытай шекарасына бақылау күшейтілген. Соның салдарынан Қырғызстан арқылы келетін тауарлар саны 3 есеге артыпты.

Алайда Қытай зауыттарынан шығатын брендтік тауарларға кедендік баж салығын төлемей, Қордай шекарасы арқылы елімізге кіргізбек болғандар ұсталған, деп хабарлайды Экспресс К.

Осылайша тауарларды заңсыз кіргізген тұлғалар оңай олжаға кенелмек болған. ҚР мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше 2 715 бірлік брендтік тауарлар заңсыз әкелінгені анықталыпты. Олардың ішінде "Dior" сөмкелері, "Gucci" күртешелері, "Nike" кроссовкалары, "Dolce&Gabbana" джинсы және т.б. тауарлар болған. Контрафактілік өнімдердің жалпы құны әзірге белгісіз.

Аталған факті бойынша материалдар қылмыстық іс қозғау үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

—деп мәлімдеді комитеттің баспасөз қызметіндегілер

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров