Ақбөпе Әбілқасымова

Депутат Ақбөпе Әбілқасымованың ұстазы кім екені белгілі болды

Олжас НҰРЖАҚЫП

facebook.com/akbope.akb/photos

Қазақстанның жерін Ленин мен Кеңес Одағы арқасында алдық деген депутат Ақбөпе Әбілқасымованың ұстазы кім екені белгілі болды.

Ол бұған дейін осы сөзі үшін жұрт сынына қалған еді, деп хабарлайды Экспресс К.

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ақбөпе Әбілқасымованың Қазақстан жеріне қатысты ойы кімнен шыққанын журналист Михаил Козачков телеграм-арнасында жазды. "Депутаттың ұстазы табылды" деген жазбасында ол Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің желтоқсан айында өткізген баспасөз конференциясынан мәлімет келтірген.

Яғни, Путин америкалық басылымның Украинанаға қатысты сұрағына "аталмыш мемлекетті Кеңес Одағы тұсында Ленин құрған" деп жауап берген. Осылайша Алматылық депутаттың да бұған дейінгі ойы осы сөзден шығуы мүмкін дегенді меңзепті.

Еске салайық, бұған дейін ЭК Ақбөпе Әбілқасымова әлеуметтік парақшасында әріптесін қолдаймын деп жұрт сынына қалғанын жазған болатын. Кейін ол неліктен бұлай жазғанын түсіндірді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров