Қайрат Сатыбалдының ұсталғанына қатысты қасында жүрген серіктері неге үнсіз?


instagram.com/geolog__kz
Белгілі қоғам қайраткері, айтыскер ақын, “Тәлім тв” арнасының директоры Мұхамеджан Тазабек қамауға алынған Қайрат Сатыбалды туралы әзірге пікір білдірмеді. Ғаламторда осыған қатысты оған сұрақ жолдап жатқандар көп.
Олар "Қайрат ағаңыз туралы неге жазбай жатсыз?" — деп сұрақ қойған, деп хабарлайды Экспресс К.
Қайрат Сатыбалдыны қазақтың біртуар азаматы деп үнемі мақтап жүретін Мұхамеджан Тазабек ол қамауға алынғалы бері үнсіз. Қоғам қайраткерінің бұл әрекеті желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Олар айтыскер ақынның Instagram-дағы жеке парақшасына сауал тастады.
"Қайрат ағаңызбен жолықтыңыз ба? Кеше ұсталды ғой. Неге бір пост жазбадыңыз?", "Көрісу күні басқаша болып кетпесін, Қайратты ұстап кетіпті", "Неге бір ауыз сөз айтуға жарымадыңыз?",
Мәселен бұған дейін ол өзінің "Тәлім тв" арнасына берген сұхбатында "Қазақтың бір қамкөңіл, иманды жігіті болса, Қайрат ағадай-ақ болсын. Халықтың игілігі, ұлттық өнердің игілігі үшін көп өтініштермен алдына бардым. Қайрат ағамызға қазақтың ақындары риза", — деп пікір білдірген еді. Бірақ ол Қайрат Сатыбалдының ұсталғанына қатысты оқырмандырының сұрағын әзірге жауапсыз қалдырды.
Оқи отырыңыздар:
Тағы бір жақын інілерінің бірі Бекболат Тілеухан да әзірге бұл тақырыпқа қатысты пікір білдірген жоқ.
Қайрат Сатыбалды "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау деректері бойынша тергеліп жатыр. Экспресс К Қайрат Сатыбалды ұсталғанда, қызының Дубайдағы үйлену тойы дүркіреп өткені туралы бұған дейін жазды.
Бөлісу