Шоу-бизнес

"Жиіркенішті". Ибрагимовтің 2 млн-дық жаңа бейнебаяны сынға қалды (видео)

Лаура БИҒАЛИ

Видеодан кадр

Танымал әнші Серік Ибрагимовтің жаңа бейнебаяны жарық көрді. Ән "I by U" деп аталады.

Өнер иесі туындыны ашық-шашық киініп, түнгі клубтан шықпайтын қыздарға арнап орындаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Әннің әуенін Еділ Ғаббас, сөзін Абай Әділханов жазған. "I by U" әніне түсірілген клипті YouTUBE арнасынан үш күннің ішінде бірнеше мың адам тамашалап үлгерген.

Бейнебаянда әншінің өнердегі әріптесі Әбдіжаппар Әлқожа мен "5:32" веб-сериалының танымал актерлері Әбілмансұр Серіков пен Қобыланды Болат та бой көрсетеді.

Желі қолданушыларына ырғақты ән де, оған түсірілген бейнебаян да мүлдем ұнамаған. Олар бірден сынап тастады.

Клип жиіркенішті. Ұят-ай. Намаз оқып жүрген Серіктен мынандай бейнебаян күтпедік. Әнді хайп үшін жазған. Мағынасыз әндер қатары көбейді,

Экспресс К бұған дейін Серік Ибрагимовтің сахнадан оңбай құлап түскенін жазған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров