Қанат Бозымбаев

Қанат Бозымбаев жеке резиденциясын балаларды оңалту орталығына сыйға тартты

Есен ҮРКІМБАЙ

Қанат Бозымбаев / Әкімдіктің баспасөз қызметі

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Жаркенттегі өзінің резиденциясының қажетсінбейтінін айтып, басқа мақсатта пайдалану керектігін алға тартты.

Қанат Бозыбаев Панфилов ауданында өткізген кездесуінде өзінің резиденциясын балаларға беретінін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Панфилов ауданында тұрғындарымен кездесу өткізген Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев өзінің резиденциясы басқа мақсатта пайдалану идеясын ортаға салды. Аудан аумағында 1 гектар жерді алып жатқан резиденциясы медициналық мекемеге айналдыру керектігін айтқан.

"Сөз реті келгенде айта кетейін, осы Жаркент қаласында облыс әкімінің резиденциясы тұр. Жерінің көлемі 1 гектар. Маған сол резиденцияның қажеті жоқ. Ауданда қонатын жап-жақсы қонақ үйлер бар. Тамақты дәмді дайындайтын дәмханалар көп. Сондықтан резиденцияны балаларды оңалту орталығына өткізіп беремін. Бұл баласының өмір сүруі үшін әр сәтін күреспен өткізіп жатқан, ерекше балаларды бағып-қағып отырған ата-анаға өте керекті орталық болар еді деп ойлаймын", — деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.

Жаркенттегі облыс әкімінің резиденциясы 2013 жылы бой көтерген. Бір қабатты нысанның жалпы көлемі 910 шаршы метрді құрайды.

Бұған дейін Экспресс К Қанат Бозымбаевтың Алматы облысындағы бірнеше мәселеге қатытсы мәлімдемелері туралы жазған. Қаңтар айында облыс әкімі митингке шыққандармен кездесуде әлдекімді қызбалыққа салынып боқтап жіберген. Кейін ондай әрекетке неліктен барғанын түсіндірді. Таяуда ол Талдықорғанда тұрғындар құлатын тастаған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші қайта орнатылмайтынын мәлімдеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров