Бейжің-2022

Қола медальмен қуантқан Паралимпиадашы елге оралды (фото)

Бек ТӨЛЕУОВ

©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Бүгін Қазақстан паралимпиадашылары елге оралды. Отандық спортшыларды жанкүйерлер, журналистер, спорт басшылары Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан күтіп алды.

Олимпиадашыларға қарағанда Паралимпиада құрамасы Бейжіңнен жүлдемен оралды. Ел қоржынында бір қола медаль бар, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазақстанның жалғыз жүлдесін биатлоннан 10 шақырымға сынға түскен Александр Герлиц жеңіп алған болатын. Соның арқасында жерлестеріміз жалпы командалық есепте 17-орынға тұрақтады.

©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ

"Маған бұл Паралимпиада өте қатты ұнады. Ұйымдастыру жоғары деңгейде болды. Мынандай пандемия кезінде осындай Паралимпиада ұйымдастыру оңай емес. Ауа-райы қолайлы жақсы нәтиже көрсетуіміз мүмкіндік берді. Биатлонда тағы бір қола медаль алуға мүмкіндік туындаған. Бірақ оқ ату кезінде бір қателік барлық жоспарды бұзды", — дейді Александр Герлиц.

Спортшы қола медаль үшін мемлекеттен 75 мың доллар алады. Одан бөлек, тағы төрт рет әр түрлі қашықтықта бесінші орын алған. Яғни әрбір бесінші орын үшін Үкіметтен 10 мың доллардан беріледі. Сөйтіп, Герлицке жалпы 115 мың доллар бұйыратын болды. Бұл қазіргі курспен 59 миллион 225 мың теңгеге тең.

©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Әзірге қандай сыйақы алатынымды толық есептеген жоқпын. Сосын алған сыйақыны қайда жұмсайтынымды да білмеймін. Бастысы, өзімнің жақсы нәтижелерге қол жеткізе алатынымды дәлелдеу болды,

— дейді спортшы.

©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров