Тоқаев алтын мен долларды елден шығаруға тыйым салды

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" Жарлыққа қол қойды.

Жарлықта Ұлттық банк шығаратын аффинирленген алтынның құймаларын және он мың доллардан асатын шетел валютасын елден шығауға тыйым салынды, деп хабарлайды Экспресс К.

ҚР Ұлттық банк әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы ақшаны елден шығаруға шектеу енгізілген.

Ұлттық банк шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын және алтыннан жасалған "ALTYN BARYS" және күмістен жасалған "KÚMIS BARYS" инвестициялық монеталарын шығаруға тыйым салынсын,

— делінген Ақорда сайтында жарияланған ақпаратта.

Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдау міндеті үкімет, Ұлттық банк пен басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жүктелді.

Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров