Айдос Сарым

Ертең конституция өзгеріп, саяси сахнаға жаңа ойыншылар келеді - Айдос Сарым

Бек ТӨЛЕУОВ

Айдос Сарым

Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым ертең Президенттің жолдауынан кейін елде үлкен өзгерістер болады деп отыр.

Ол жолдаудан кейін ескі әуенге баспай, жаңа қадамдар жасалуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

ЕСКЕРТУ: Материалды редакция рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Елімізде кімнің-кім екенін енді ғана түсініп келеміз. "Жаңа Қазақстанды" ескі судья, ескі полициямен құра алмаймыз. Сталинизимнің иісі аңқып тұрған күштік құрлымға да өзгеріс қажет. Мемлекет басшысы Парламентке келіп, саяси реформаларын жариялайды,

— дейді депутат.

Оның айтуынша, сол кезде ең болмаса, үйреншікті жолмен жолдауды қолдай салмау керек. Президентке еліктесек, мойынымызға жеке-дара жауапкершілік алуымыз керек.

Осы ретте Айдос Сарымнан әбден жауыр болған "жолдауды-қолдау" форматына қандай өзгеріс қажет екенін сұрадық.

Дәстүрлі бір үйреншікті форматтар бар. Жапа тармағай қолдаймыз деп шыға келеміз. Мақала жазамыз. Ал сөзден іске көшу деген жауапкершілікке келіп тіреледі. Біздегі ең үлкен дефицит — жауапкершілік,

— дейді ол.

Депутат атқарушы биліктің өкілдері өздеріне тапсырылған жұмысты журналистердің алдына шығып, сағаттап тұрып түсіндіруге міндетті деп айтты. Тіпті, қажет болса айлап тұруға болатынын жеткізді. Әкімдер, министрлер тілшілерден қашпай өз жұмысын түсіндіре алуы деген ұстанымда екенін мәлім етті.

Оның айтуынша, сәрсенбіде, конститутцияда біраз заңдарға өзгеріс енгізілуі тиіс. Сол заңдарды байыппен, кезең-кезеңімен ұзаққа созбай, қабылдау қажет.

Қоғамның күтіп отырғаны сол. Сайлау туралы, партиялар туралы заңдар өзгеруі тиіс. Сосын саяси бәсекелестіктің ережесі өзгереді. Саяси сахнаға жаңа ойыншылар келеді. Меңінше, жолдаудың ең үлкен қолдауы — сол болады,

— дейді Айдос Сарым.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров