Баян Алагөзова

Баян Мақсатқызына күйеуі қымбат көлік сыйлады (видео)

Ержан ШАЙЖАН

instagram.com/bayanmaxatkyzy

Танымал продюсер Баян Мақсатқызына күйеуі Тұрсын Алагөзов Porsche Cayenne сыйлады.

Қуанышты жаңалығымен Баян өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Экспресс К.

Белгілі продюсер сыйлыққа су жаңа көлік алғанын өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында жариялап, оқырмандарынан сүйінші сұрады. Тұрсын Алагөзов әйеліне ақ түсті қымбат кроссовер алып берген. Баян Мақсатқызы суретінің астына "Анда-санда күйеуіңе ренжігеннің де пайдасы бар" — деп жазба қалдырды.

Ал желі қолданушылары "Көлігіңіз құтты болсын", "Игілікке жүрсін", "Бізге де жұғысты болсын", "Күйеуің алтын азамат екен",

— деп түрлі пікір қалдырып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров