Amanat партиясына тағы бір хатшы тағайындалды


Дәулет Кәрібек / © Amanat
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Дәулет Кәрібек Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды.
Бұл туралы Amanat партиясының баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Экспресс К.
Партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен Қайырбек Дәулет Жамаубайұлы Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды,
Дәулет Кәрібек 1990 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Ол — Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Саясаттану" мамандығы бойынша PhD докторы.
2009 жылдан бастап Jas Otan жастар қанатында түрлі қызметтер атқарды. 2019 жылы Jas Otan партиясын басқарды және президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті.
Сондай-ақ "Нұрсұлтан әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ басшысы және Nur Otan партиясының елордадағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Ал тағайындалғанға дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Ол — Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Бұған дейін партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен AMANAT партиясының хатшысы болып Ринат Думанұлы Кертаев тағайындалған болатын.
Бөлісу