Маңғыстауда көлік қаққан қыз бірнеше метрге ұшып кетті (видео)

Экспресс К

Видеодан кадр

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Видеодан жаяу жүргіншілер жүретін жолақпен өтіп бара жатқан кішкентай қызды қатты жылдамдықпен келген көлік қағып, бірнеше метрге ұшырып жібергенін байқауға болады, деп хабарлайды Экспресс К.

Жол-көлік оқиғасы Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында болған.

2022 жылдың 14 наурызы күні сағат 13:30 шамасында Маңғыстау ауылында "Opel Vectra" автокөлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 6 жасар қызды қағып кетті,

— делінген хабарламада.

Жәбірленуші аудандық ауруханаға жеткізілген. Алайда медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.

Мұнайлы ауданына қарасты Маңғыстау 5 елді мекенінде мектептен қайтып келе жатқан 6 жасар оқушыны көлік қағып кеткен. Қаққан жүргізуші Мұнайлы аудандық емхананың травмотолог дәрігеріне апарған. Сол жерге анасын шақырып, баланы клиникаға рентгенге түсірген. Денесінде сынық жоқ. Қазіргі таңда қыз үйінде, жағдайы қанағаттанарлық", — деді Мұнайлы аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі Әсел Аманжолқызы.

Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі және 611-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров