Бокс
Азия чемпионаты: Бес қазақстандық қыз чемпион атанды


©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Иордания астанасы Амман қаласында бокстан қыздар арасындағы Азия чемпионы анықталды.
Қыздар арасындағы жарыста бес қазақстандық алтын медаль алды, деп хабарлайды Экспресс К.
Олардың қатарында Томирис Мырзақұл (52 келі), Виктория Байдукова (54 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі), Бақыт Сейдіш (66 келі) және Кәмила Бажбенова (81 келі) бар.
Ал Гаухар Шайбекова (70 келі) мен Аида Сарибарова (75 келі) күміс жүлдені қанағат тұтты.
Бөлісу