Рөлі жоқ көлікпен жүруге рұқсат берілді

Экспресс К

Pixabay

АҚШ-тың Ұлттық жол қауіпсіздігі басқармасы автомобильде дәстүрлі басқару құралы болу керек деген талапты алып тастады.

Carscoops сайтының мәліметінше, NHTSA наурызда федералды көлік қауіпсіздігі стандартын жаңартып, АҚШ-та жалпыға ортақ жолдарда пилотсыз автомобиьдің жүруіне рұқсат берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Барлық машинада "жүргізуші орындығы, тұғырға орнатылған рөл және алдыңғы жақта жолаушыға арналған жалғыз орындық болуы керек" деген бұрынғы ереже жаңа технологияға сай алынып тасталды. Салонға байланысты жалғыз шектеу — бұрын жүргізуші орындығы деп аталатын орынға бала отырғызуға болмайды.

Бірақ ережеде пилотсыз көлік құралының қауіпсіздік деңгейі қолмен басқарылатын көлікпен бірдей болу керек деп көрсетілген.

Биліктің бұл шешімі автоөндірушілерге толық автономды автомобиль мен шаттл шығаруға мүмкіндік береді. Қазірше сатылымда мұндай машина жоқ, бірақ алдағы уақытта жарыққа шығатыны сөзсіз. Өйткені заң бойынша кедергі жойылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров