Украина

Кезекті келіссөз: Украина мен Ресей онлайн кездесті

Экспресс К

Pixabay

Украина мен Ресей онлайн түрде бейбіт келіссөздің төртінші раундын өткізді.

Бұл туралы Украина делегациясының басшысы Михаил Подоляк өзінің Тwitter-парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Ол кездесудің қиын өтіп, екі тараптың әлі де екі түрлі саясат ұстанып отқанын алға тартты. Ал атысты уақытша доғаруды талап еткен Украина билігі тек Мариуполь қаласында қаза болған бейбіт тұрғындар саны 2 мыңнан асқанын айтты.

"Біздің ұстанымымыз өзгерген жоқ. Бүгін де бейбітшілік пен қауіпсіздік кепілдіктері туралы сөз қозғап жатырмыз. Келіссөз қиын өтіп жатыр. Өйткені Ресей Федерациясы өзінің әрекеттерін қисынсыз екенін түсінсе де, 19 тәулік бойы Украинаның бейбіт қалаларына шабуыл жасау стратегиясын дұрыс деп санап отыр", — деді Украина делегациясының басшысы Михаил Подоляк.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров