Қостанай халықаралық әуежайына Ахаң есімі берілетін болды


Қостанай халықаралық әуежайы
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қабылданған шешім республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберілді.
Әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы бастаманы аталған мекеменің ұжымы көтеріп отыр, деп хабарлайды Экспресс К.


Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов бұл ұсынысты әуежай қызметкерлері өзара талқылағанын айтады.
Оқи отырыңыз:
"4 ақпан күні болған жиында ұжымдағы 128 қызметкер бұл бастаманы бірауыздан қолдаған. Халықаралық әуежайларға танымал тұлғалардың есімін беру әлемдік практикада бар. Мысалы, Қазақстанды айтсақ, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, Семей халықаралық әуежайына ұлы дананың есімі берілді. Орал қаласында осындай жұмыс жүргізіліп жатыр. Онда Мәншүк Мәметованың есімін беру ұсынысы қаралып, үкіметтік комиссияға жолданды. Республикалық комиссия біздің ұсынысымызды қолдайды деп сенеміз", — деді Ерлан Қалмақов.
Ұсынысты облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады.
Бөлісу