Қайрат Сатыбалдыға байланысты сот шешімі шықты

Бек ТӨЛЕУОВ

Қайрат Сатыбалды / Коллаж ЭК

"Қазақтелекомның" қаражатын аса ірі көлемде ұрлау дерегі бойынша ұсталған Қайрат Сатыбалды 2 айға қамауға алынды.

Мұндай шешімді бүгін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қабылдады, деп хабарлайды Экспресс К.

Сот күдіктіге 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді.

Бұған дейін Сатыбалдының "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау деректері бойынша ұсталғанын жазғанбыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров