Ұлттық банк

Ұлттық банк азық-түлік бағасының қымбаттауы туралы айтты

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов азық-түлік бағасының қымбаттауы туралы айтты.

Ол геосаяси ахуал нашарлаған тұста инфляция өсіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Экспресс К.

Ұлттық банк төрағасы инфляцияның 2022-2023 жылдардағы нысаналы дәлізден жоғары болып қалыптасу тәуекелі артты деп отыр. Ақпан айында жылдық инфляция барлық компоненттерінің қымбаттауы аясында 8,5-нан 8,7 пайызға дейін жеделдеді.

Инфляцияға азық-түлік тауарлары үлкен үлес қосады. Оларға бағаның өсуі 10 пайызға дейін нан-тоқаш өнімдерінің, жармалардың, сүт өнімдер мен көкөністердің қымбаттауына байланысты жеделдеді,

— Ғалымжан Пірматов.

Оның айтуынша, азық-түлікке жатпайтын инфляция 8,5-нан 8,6 пайызға дейін өсті. Ақылы қызметтер 6,8-ден 7,1 пайызға дейін артты. Бұл бірқатар нарықтық қызметтер бағасының өсуіне байланысты болып отыр.

Энергия, металл және ауылшаруашылық өнімдері бағасының өсуіне байланысты жаһандық инфляция бұған дейін болжанған уақыттан да ұзақ мерзім болады және ішкі бағаларға қысым жасайды,

— деді Ұлттық банк басшысы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров