Есірткі

Пиязға есірткі жасырып, түрмеге кіргізбек болған ақтөбелік ұсталды (видео)

Кәмшат ҚОПАЕВА

 Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Ақтөбеде пиязға есірткі мен телефонды жасырып, түрмеге кіргізбек болған азамат ұсталды.

Ақтөбедегі қылымыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты КА-168/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері заңсыздықтың жолын кесті, деп хабарлайды Экспресс К.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіАқтөбе облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Қызметкерлер мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде пияздың ішіне мұқият жасырылған 2 ұялы телефон, 1 сим карта және 10,07 грамм "гашиш" есірткі тапты.

Тыйым салынған заттарды 32 жастағы Ақтөбе облысының тұрғыны, абақтыда "бопсалау" бабымен отырған танысына фольга қағазына мұқият орап, пияздың ішіне жасырып, бермек болған.

Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚК-тің 296 бабы 2 бөлігі (есірткі, пситроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, пияздың ішіне тыйым салынған заттарды жасырып, түрмеге кіргізгісі келгендер бұған дейін де тіркелген.

Бұған дейін Ақтөбеде тұрғынының телефонды бананға жасырып өткізбек болғанын және Шу тұрғынының түрмеге есірткі лақтырмақ болғанын жазған едік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров