Телеарна

Тікелей эфир кезінде студияға қолына плакат ұстаған қыз кіріп кетті (видео)

Олжас НҰРЖАҚЫП

Видеодан кадр

Ресейлік "Бірінші арна" жаңалықтарының тікелей эфиріне қолына "соғысты тоқтатыңдар" деген жазба ұстаған қыз студияға кіріп кетті.

Ол осылайша өзінің қарсылығын білдірмек болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Әлеуметтік желіде Ресейлік бірінші арна жаңалықтарының тікелей эфиріне плакат ұстап, студияға атып кірген келіншектің бейнежазбасы тарады. Видеода әйелдің қолындағы плакаттан "соғысты тоқтатыңдар, пропагандаға сенбеңдер, бұл жерде өтірік айтады" деген жазуды аңарасыз.

Бір қызығы тікелей эфирдегі жаңалық тоқтаған жоқ. Бейнесюжетпен жалғастырды. Сол уақытта келіншекті сыртқа шығарған болуы керек. Кейін өз пікірін білдіруге ұмтылған әйелдің дәл сол телеарнада жұмыс істейтіні белгілі болды. Есімі Марина Овсянникова.

ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, аталмыш жағдайдан кейін келіншекке қатысты қызметтік тексеру жүргізілген. Нәтижесінде оған айыппұл салынып, әкімшілік жаза қолданылмақ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров