Майнинг

Заңсыз майнингпен айналысқандар арасында Болат Назарбаев пен Нығматулин бар

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Елімізде заңсыз майнингпен айналысқан бизнесмендердің тізімі анықталды.

Олардың арасында Болат Назарбаев, Ерлан Нығматулин, Қайрат Шәріпбаевтар бар, деп хабарлайды Экспресс К.

Қаржы мониторингі агенттігі бұл саладағы заңсыз қызметтер елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін белгілі бір тәуекелдердің пайда болуына әкелді деп мәлім етті.

Алдын алу шараларының нәтижесінде, 55 майнинг фермалары қызметін өз еркімен тоқтатты. Олар жұмысты толығымен тоқтатып, жабдықтарын бөлшектеді. Сонымен қатар орналасқан жерінен шығарылды,

— делінген хабарламада.

Агенттік осы ретте өз қызметін тоқтатқан майнинг компаниялардың аттарын айтты.

Павлодар облысындағы Болат Назарбаев және Александр Клебановқа, Ақтөбе облысындағы QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев және Қарағанды облысындағы белгілі кәсіпкерлердің бірі Ерлан Нығматулинге қарасты фермалар бар,

— делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 51 майнингтік фермаларының заңсыз қызметінің жолы кесілген. Олардың барлығы электрмен жабдықтау көздерінен ажыратылған.

Ол компаниялардың кейбірі кәсіпкер Қайрат Итемгенов және Ішкі істер министрлігінің бұрынғы департамент басшысы Тілеген Мәткеновтерге тиесілі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров