Жанар-жағар май

Елімізде жанар-жағармайдың көтерме саудадағы бағасы қымбаттауы мүмкін

Олжас НҰРЖАҚЫП

© ЭК

Елдегі бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газохол, бензанол мен мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулар қоспасы және экологиялық отынның көтерме саудадағы акциздік мөлшерлемесін ұлғайту туралы қаулыға өзгеріс енгізілмек.

Үкімет қаулысына өзгеріс енгізу туралы жоба Ұлттық экономика министрлігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Жобада мыналар көзделген:

  • өндірушілердің бензинді, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспалары мен экологиялық отынды көтерме саудада өткізуіне арналған акциздер мөлшерлемесін 1 тоннасына 24 435 теңгеден 38 134 теңгеге дейін ұлғайту;
  • өндірушілердің дизель отынын көтерме саудада өткізуіне арналған акциздер мөлшерлемесін 1 тоннасы үшін 9 300 теңгеден 35 726 теңгеге дейін ұлғайту;
  • дизель отынына акциздердің маусымдық өзгеруін болдырмау;
  • дизель отынының импортына акциздердің тең мөлшерлемесін белгілеу;
  • дизель отынына ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын нақтылау.

Министрліктің мәліметінше, бағаға енгізілген өзгеріс мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін бюджетке қосымша қаражат тартуға мүмкіндік бермек.

Бұл ретте ескеретін басты мәселе бар. Яғни, көтерме саудадағы құн қымбаттағанымен, бөлшек саудада жанар-жағармай бағасы көтерілмейді. Энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес осы жылдың басынан шекті баға белгіленген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров