Ернар Айдар

Ернар Айдардың концертінде апа әншіден микрофонды жұлып алды (видео)

Ержан ШАЙЖАН

Видеодан кадр

Танымал әнші Ернар Айдардың концертінде микрофонды жұлып алып, көпшілікке ұрсып берген апа ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Кейуананы балалардың сахнаға қайта-қайта шығып, әншімен суретке түскісі келгені ашуландырған.

Концерт еліміздің қай өңірінде өткені, бейнежазбадағы апаның кім екені әзірге белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К.

Концерт көруге келген апаның бұлай ренжуіне, балалардың улап-шулағаны себеп болған. Әншімен қайта-қайта суретке түскен бүлдіршіндердің ата-аналарына кейуана ұрысып тастады.

"Айналайын халқым, бала тудыңдар ма, қарамайсыңдар ма?! Дәмханаға тойға барсаң, бала жылап жүреді, концерт көруге келсең, балалар жүгіріп жүреді. Ұят бар ма?! Суретке түсесіңдер ма, концерттен кейін Ернарды 1 сағат алып қалып, қалағанша түсіңдер. Ұят деген бар ма сендерде өзі?!", — деп ренішін білдірді апа.

Ернар Айдар үлкен кісінің сөзі орынды екенін айтып, оған рахметін жаудырды. Көрермендер де ақ жаулықты ананың сынына шапалақ ұрып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров