Блогер

Жігіттің жасы кіші болса, шақырып ал да, емізіп жібер – Ақтаулық блогер (видео)

Есен ҮРКІМБАЙ

instagram.com/saltanat.a.e.001

Атышулы ақтаулық блогер Салтанат Аманқосова оқырмандарын тағы да дүрліктірді. Кеңес сұрағандарға "жас жігіт артыңнан жүгірсе, емізіп жібер" деген оның бұл сөзі желіде тағы талқыланып жатыр.

Ақтаулық блогер Салтанат Аманқосова қыздарға кеңес айтамын деп сынға ұшырады, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұған дейін түрлі мәлімдемелерімен жұрттың назарынан түспей жүрген блогердің бұл жолғы айтқаны көпшіліктің жағасын ұстатып отыр.

instagram.com/saltanat.a.e.001instagram.com/saltanat.a.e.001
instagram.com/saltanat.a.e.001

"1995 жылы туғанмын. Соңымнан 1999 жылы туған жігіт жүгіріп жүр. Не істесем болады?", — деп желі қолданушысы сұрақ қойған. Оған блогер "бала секілді емізіп жібер" деп жауап берген.

"Үй жағына шақырып алып, армансыз емізіп жіберсеңші. Жасы кіші болса, онда тұрған не бар? Үш-төрт жас кіші болғаннан қорқудың қажеті жоқ. Жүрісі аз болады, шабуға жақсы. Жастың аты жас қой", — деді Салтанат Аманқосова.

Блогердің бұл жауабы көпшілікке ұнамаған сияқты. Дегенмен оны қолдағандар да бар. "Мына заман не болып жатыр?", "Қазір қыздарымыз ар мен ұятты ұмытты", "Ұятсыз! Бұлай деуге аузың қалай барады?" десе, екінші тарап "Жарайсың! Қатырдың!", "Көңілімді көтердіңіз", "Тек алға!" деген сыңайда пікір жазған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров