Шоу-бизнес

Украин халқының мықтылығына қайран қаламын - Мәдина Сәдуақасова (видео)

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/sadvakasovamadina

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова желіге Украин халқын қолдайтын пікір жазды.

Украинада тұтанған соғыс өрті әзірге басылар түрі жоқ, деп хабарлайды Экспресс К.

Әнші жеке ойын Instagram-дағы парақшасында білдірді. Өнер иесі ұлтарақтай жерін қасық қаны қалғанша қорғап жатқан украин халқына қайран қалатынын айтты.

instagram.com/sadvakasovamadinainstagram.com/sadvakasovamadina
instagram.com/sadvakasovamadina

"Украин халқы өз жерін ешкімге бермейтінін, тәуелсіздігі үшін демінің соңына дейін күресетінін дәлелдеп жатыр. Бүкіл әлем Украин халқының мықтылығына, батылдығына, қайтпас қайсарлығына қайран қалуда. 18 күннің ішінде Украинада ештеңе қалмады. Емхана, мектеп, балабақша, тұрғын үйлердің бәрі қирады. Қарапайым халқы зардап шекті. Олар ең мықты әскері бар Ресейден жеңілетінін білді. Қазір де біліп отыр. Бірақ украин халқы өздіренің намысшыл, батыл, отансүйгіш екенін дәлелдеді", — дейді Мәдина Сәдуақасова.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров