Түрікменстанда жаңа президент сайланды


©AP/Alexander VERSHININ
Түрікменстандағы президент сайлауында бұрынғы мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұлы жеңіске жетті.
Түрікменстандағы кезектен тыс президент сайлауында Сердар Бердімұхамедов 72,97 пайызбен дауыс жинады, деп хабарлайды Экспресс К.
Ақпан айында ел президенті Гурбангулы Бердімұхмедов кезектен тыс сайлау өтетінін, бірақ өзі қатыспайтынын мәлімдеген. Оның орнына елді басқаруға ұлы Сердар Бердімұхамедов үміткер ретінде тіркелетіні белгілі болды.


12 наурыз күні өткен сайлау нәтижесінде Сердар Бердімұхамедов 72,97 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Бұл Түрікменстанды басқаруға сайланған үміткер жинаған ең төменгі көрсеткіш. Бұған дейінгі сайлауларда Гурбангулы Бердімұхамедов 90 пайыздан асыра дауыс жинаған.
Оқи отырыңыздар:
Түркіменстан Орталық сайлау комиссиясы елдегі 3,43 миллион адам дауыс беруге қатыса алатынын, сонымен бірге 2 577 сайлау учаскелері ұйымдастырылғанын хабарлаған.
Түрікменстан президенттігіне үміткер ретінде 9 адам тіркелген болатын. Оның үшеуі саяси партиялардан болса, алты кандидатты түрлі белсенді топтар ұсынған.
Бөлісу