Ерлан Қошанов

Енді мәжіліс спикеріне әлеуметтік желі арқылы тікелей сұрақ қоя аласыз

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Ерлан Қошанов Facebook-те жеке парақшасын ашты. Спикер осы қадам арқылы халықпен тығыз байланыс орнатуды көздеп отыр .

Аз ғана уақыт ішінде онымен 500-ге тарта адам достасып үлгерген, деп хабарлайды Экспресс К

Бүгін мен Facebook-те өз аккаунтымды ашу жөнінде шешім қабылдадым. Мұнда Парламент мәжілісінің маңызды іс-шаралары жайлы, сондай-ақ ел ішіндегі және шет мемлекеттердегі қазіргі күн тәртібі жөнінде өз ойымды ортаға саламын,

— дейді Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар мәжіліс спикері алдағы уақытта Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең маңызды реформалары мен мәжілісте қаралып жатқан заң жобалары туралы пікір білдіруді жоспарлап отыр. Сондай — ақ, ол әлеуметтік желіні мәжіліс жұмысын жақсарту және басқа де көкейтесті мәселелер бойынша ұсыныстарды талқылауға пайдаланбақшы.

Халықпен тығыз жұмыс істемей, айтулы өзгерістерге қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан Facebook қолданушылары белсенді болады деген үміттемін. Сындарлы диалогқа ашықпын!,

— делінген хабарламада.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров