Мола

Қызылордалық байлар бейіт салудан жарысып жатыр

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

©ЭК/Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Қаланың шет аумақтарында биіктігі 2,5 метрдей болатын зәулім, қызыл кірпішпен қаланған қорымдар көбейіп барады. Кейбір бейіттер көлемі бойынша үйлермен пара-пар.

Мұндай еңсесі биік бейіттердің барлығында мұсылмандар жерленген, деп хабарлайды Экспресс К.

Кей мұсылман қорымдарының жан-жағына тіпті өте қымбат сырлы тастар төселіпті. Марқұмдардың кейбірі бір үй салуға болатындай аумақта жерленген. Қайтыс болғандарға салынған моланың кірпіштері де арзан емес екені көрінеді.

©ЭК/Абай НҰРЖАНҰЛЫ©ЭК/Абай НҰРЖАНҰЛЫ
©ЭК/Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Байлардың бейіті қасындағы қарапайым көрінетін молаларға маңғазданып тұрғандай әсер қалдырады.

Имамдар мұндай бейіттердің барлығында байлар жатыр дейді. Өйткені қарапайым адамдардың осынша үлкен мола салуға мүмкіндіктері жетпейтіні анық. Бірақ Ислам діні марқұмдарға бейітті әсем етіп салуды құптамайтынын айтады.

Моланы сонша үлкен қылып салу дұрыс емес. Ол үшін қаншама шығын кетеді. Бірақ молалар 50 жылда жермен-жексен болуы керек. Өлген адамға мұндай шығын жұмсағанша, оны садақа қылса сауап болады,

— дейді Болатбек қажы

Имамның айтуынша марқұмдардың ұрпақтары салған мұндай зәулім мола өлген адамдарға ешқандай да пайдасы жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров