Қазақ хандығының туы

Уикипедия Қазақ хандығының туын неге көк түстен қызыл түске ауыстырды?

Экспресс К

wikipedia

Ұзақ уақыт бойы Қазақ хандығының туы ақ оюы бар көк түсті ту еді.

Алайда, бұл ту ойдан жасалған өтірік ту болып шықты, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазақ хандығы туралы көп фильмдерде, соның ішінде "Қазақ хандығы" атты тарихи сериалда да көк ту көп байқалады. Кейін тарихшылар бұл өтірік ту екенін білген. Оны түріктің белгісіз бір суретшісі салған екен.

"Қазақ хандығы" сериялы"Қазақ хандығы" сериялы
"Қазақ хандығы" сериялы

Дегенмен, көк ту көпке танылып, тіпті ол Қазақ хандығының туы ретінде сатыла бастаған.

olx.kzolx.kz
olx.kz

Көп ұзамай тарихшылар Қазақ хандығының шын туын тауып, оны қалпына келтірді. Өткен ғасырдың 70-жылдары тарихшы Мұхтар Мағауин зерттеу жүргізіп, Қазақ хандығының туы төре руының тамғасы салынған бір жапырақ қызыл орамал екенін дәлелдеген.

Сондықтан, Уикипедияның модераторлары жолданған материалдармен таныса келе, тарихшының пікірімен келісіп, онлайн-энциклопедияға өзгеріс енгізген.

Қазақ хандығының туыҚазақ хандығының туы
Қазақ хандығының туы

Ең қызығы, Қазақ хандығының туы деп жүрген бұрынғы көк ту энциклопедиядағы ойдан шыққан тулардың қатарына қосылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров