Салық

Атырауда салық қызметкерінің қулығы әшкереленді

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Атырау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері бұғатталған есеп-шоттарды заңсыз ашып беріп, 2 млн 700 мың теңге пайда тапқан.

Оның заңсыз "кәсібін" қалалық прокуратура анықтаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Ол еңбегі үшін алған ақыны өзінің жеке банк картасына аудартып отырған. Осылайша бірнеше жылдың ішінде банктегі есеп-шоттары бұғатталған борышкерлер осы маманға барып, есеп-шоттарын ашқызып, қарыздарын төлемеген.

— Іс-құжаттар жинақталып, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл департаментіне шешім қабылдау үшін жолданды. Мемлекетке 80 млн теңге қайтарылып, 15 мемлекеттік қызметкер жауапкершілікке тартылды,- деді қалалық прокуратура өкілі Ерлан Какиев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров