Жалған хаттама

"Сіз түкірдіңіз". Атырауда полиция тұрғындарға жалған хаттама толтырған

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жалған хаттамалар толтырып, тұрғындарға айыппұл салған.

Жасамаған істері үшін тұрғындар айыппұл төлеген, деп хабарлайды Экспресс К.

Полиция қызметкерлері осылайша хаттама санын көбейтіп отырған. Олар көбінесе қоршаған ортаны ластағаны үшін, белгіленбеген жерге қоқыс төккені үшін, тіпті белгіленбеген жерлерде ит серуендетті деп тұрғындарға хаттама толтырып, айыппұл салып отырған. Алайда тұрғындар ешқандай құқықбұзушылық жасамаған. Тіпті кейбіреулері айыппұлдарды мобильдік қосымшадан көріп, төлей салған.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлеріне қатысты ҚК 416 (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелерді бұрмалау) бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды,

— деді қалалық прокуратура өкілі Ерлан Какиев.

Қылмыстық істі Атырау облыстық полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы тергеп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров