Аударым

Қазақстаннан Ресейге ақшаны қалай аударуға болады?

Экспресс К

iStock

Ресей мен Украина арасындағы соғыс бірқатар қиындықтарды, соның ішінде ақша аудару мәселесіне де салқынын тигізді. Сонымен Қазақстаннан Ресейге ақша аударудың қандай жолдары бар?

Қазақстаннан Ресейге ақша аударудың тек үш тәсілі ғана жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы Bluescreen.kz сайты жазды. Онда Қазақстаннан Ресейге қаражатты қалай жылдам әрі қауіпсіз аударуға болатыны жазылған.

1. Кез келген қазақстандық Kaspi қосымшасы арқылы Ресейге ақша жібере алады. Ол үшін ол жақтағы танысыңыздың Сбербанк картасы болуы шарт. Ақшаны жіберу үшін алдымен "Халықаралық аударымды" таңдап, алушының телефон нөмірін тересіз. Кейін соманың көлемін енгізіп, жіберу керек. Бұл бірден жүзеге аспауы мүмкін. Бірақ бірнеше рет енгізгеннен кейін ақшаңыз тиісті мекен-жайға түседі.

2. ForteBank Kazakhstan мобильді қосымшасындағы "Алтын тәж" функциясын пайдалану арқылы аудара аласыз. Ол үшін "Аудару" қосымшасы арқылы "Алтын тәж" функциясын таңдап, алушының телефон нөмірін, толық аты-жөнін, аударым сомасын енгізіп, "Аудару" түймесін басу керек. Бірақ ол қызмет үшін комиссияның пайызы үлкен екенін айта кетейік.

3. "Сбербанктің" қазақстандық картасынан "Тинкофф Банктің" есеп айырысу шотына тек доллармен аудару арқылы ақша жібере аласыз. Ең аз аударым сомасы — 1 доллардан кем болмауы шарт. Мұнда да шот нөмірі бойынша "Халықаралық аударымдарды" таңдайсыз, содан кейін көрсетілген деректерге қатысты парақшаны толтырасыз. Тағы бір айта кетерлігі, сіз ақша алушының SWIFT кодын, оның аты-жөнін және банктың атауын жақсы білуіңіз керек. Ал ақша бірнеше сағат кешігіп түсуі мүмкін.

Әзірге Қазақстанда "Халық" банктан "Мир" картасына ақша жіберу мүмкін болмай тұр. Kaspi қосымшасындағы Мир картасының нөмірі бойынша да аударым жұмыс істемейді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров