Қазақстан жаңалықтары

Шетелге миллиондаған доллар шығарғандар 45 мың теңге айыппұл төлеп құтылады

Бек ТӨЛЕУОВ

Pixabay

Кеше Президент 10 мың доллардан асатын қолма-қол валюта мен алтын құймаларды ел аумағынан шығаруға тыйым салатын жарлыққа қой қойды.

Осыған байланысты Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік валютаны елден шығару туралы тыйымды бұзған жағдайда қандай жауапкершілік көзделгенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Комитеттің баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сүйенсек, тыйымды бұзған адамдар Қазақстан заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда 15 АЕК мөлшерінде (45,9 мың теңге) айыппұл салынады. Сондай-ақ, соттың шешімі бойынша ақша мен тауар мемлекет кірісіне тәркіленуі мүмкін,

— делінген хабарламада.

Комитет шекарадан өту кезінде кідіріске жол бермеу үшін өзіңмен бірге (багажда) алған қолма-қол ақшаны алдын ала есептеп шығуға кеңес берді.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы" жарлыққа қол қойған болатын. Енді осыған байланысты шетел валютасы мен алтынды шекарадан шығаруға тыйым салынады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров