Сериалдар
"Аппақ келін" веб-сериалы желіні жарды


© SSM
Salem social media түсірген "Аппақ келін" веб-сериалы көпшіліктің көңілінен шықты.
Төрт күннің ішінде видеохикаяны YouTUBE желіде екі миллионнан астам адам тамашалап үлгерген, деп хабарлайды Экспресс К.
Веб-хикая қазақ отбасына келін болып түскен Лия жайлы. Ол Африканың Найроби қаласында туып-өскен. Шетелде білім алған қазақ жігіті Аңсаған африкалық қызға бір көргеннен ғашық болып қалады. Аңсаған көп ұзамай ғашығына үйленеді. Ал қарадомалақ Лияның болашақ енесі сол ауылдың "генерал келіні" деген атақ-абыройға ие. Оның үстіне генерал келін салт-дәстүрді берік ұстанады.
Оқи отырыңыз:
Веб-сериал 12 бөлімнен тұрады. Басты рөлдерді белгілі актриса Данагүл Темірсұлтанова, актер Абай Асылхан, әзілкеш Қанат Әлжаппаров, Фатима Кулибали, Индира Сәбірова, Азат Сейітметов сомдайды.
Бөлісу