Қылмыс

Дариға Назарбаеваның құдасы, олигарх Қайрат Боранбаев ұсталды

Ержан ШАЙЖАН

Кайрат Боранбаев/© ФК Кайрат

Қаржы мониторингі агенттігі танымал кәсіпкер, Қазақстанның ең бай адамдарының бірі Қайрат Боранбаевтың Алматыда ұсталғанын айтты.

Боранбаев уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Қайрат Боранбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Оған қатысты тергеу жұмыстары басталған. Қазір олигарх уақытша ұстау қапасына жабылды. Оған қандай айыптар тағылғаны әзірге белгісіз.

Қайрат Боранбаев — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы келіні Алима Боранбаеваның әкесі. Марқұм Айсұлтан Назарбаев пен Алима Боранбаева 2013 жылы үйленген болатын. Бірақ кейін екеуі ажырасып кетті.

Дәл осы агенттіктіктің Болат Назарбаев, Ерлан Нығматулин және Дариғаның күйеуі Қайрат Шәріпбаевтың майнинг фермаларын жапқаны туралы Экспресс К жазды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров