ҰҚК

ҰҚК алаяқтар тобын ұстады

Экспресс К

ҚР ҰҚК

ҰҚК Нұр-Сұлтан қалалық полициясы, ҰҚК Ақтөбе және Қарағанды облыстары бойынша департаменттерімен бірлесіп, аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа күдікті адамдар тобын ұстады.

Алаяқтар өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырған, деп хабарлайды Экспресс К.

Өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері деп таныстырып, жоғары лауазымды адамдардың атын жамылған. Теріс пиғылдылар 1,5 миллион доллар берсе кәсіпкерді мемлекеттік құрылымның біріне басшылық лауазымға тағайындау мәселесін шешіп беруді ұсынған,

— делінген хабарламада.

Олар жалға алынған "премиум-класс" автомашиналарын пайдаланған және жалданған күзеттің ілесіп жүруімен астананың элиталық орындарында кездесулер өткізген.

4 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында 30 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражаттың бір бөлігін беру кезінде топтың үш қатысушысы және Ақтөбе мен Балқаш қалаларынан тағы екеуі ұсталған.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров