Алматының ластанған ауасын тазартуға голландиялықтар көмектесетін болды


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Бұл туралы қоршаған ортаны жерсеріктік - навигациялық жүйе арқылы бақылауға арналған семинар барысында белгілі болды. Аталған бағытта бірлесе әрекет етуге Алматы әкімдігі мен Nevasco (Нидерланд) компаниялар тобына кіретін серіктестік өкілдері өзара келісімге келді.
Соның арқасында Алматының экологиясын озық ғарыштық технологиялар көмегімен қадағалауға мүмкіндік туып отыр, деп хабарлайды Экспресс К


Компания өкілі Едо Лоненнің айтуынша, бұл технология ластану көздерін анықтауға көмектеседі. Ауаның құрамын сараптауды сағат сайын жүргізуге болады екен.
Мұндай тәсілді голландиялықтар сан түрлі салада кеңінен қолданылып келеді. Мәселен, мұнай-газ саласында құбырлардан сыртқа кетіп жатқан метан газының мөлшерін байқауға болады. Ал ауыл шаруашылығында жұмсалатын су көлемі мен өнімділікті болжауға жол ашылған. Nevasco компаниясының вице-президенті Роб Бектің сөзінше, ғарыштық бақылауда шек жоқ. Голландиялық мамандар америкалық, жапондық, еуропалық тіпті алжирлық жер серіктерін пайдалануды меңгерген.
Nevasco құрамына барлығы сегіз компания кіреді. Олардың алуан түрлі мәселелерді шешуге қауқарлы тәжірибесі бар. Біз үшін Қазақстанмен бизнес-серіктестікті нығайту өте маңызды,


Оқи отырыңыз:
Бұл шара "БеНиЛюкс" сауда палатасының ұйымдастыруымен қолға алынғанын атап өту керек.


"БеНиЛюкс" сауда палатасы бір жыл бұрын құрылған болатын. Қазір палата бірлесе жұмыс істейтін Бельгия, Нидерланд және Люксембург елдері Қазақстандағы басты инвесторлардың бірі болып табылады,


Бөлісу