Президент

Келімбетов Президентке ірі активтерді Қазақстанға қайтару туралы айтты

Экспресс К

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

Қайрат Келімбетов Тоқаевқа "Астана" халықаралық қаржы орталығының былтырғы атқарған жұмыстарының қорытындысы, сондай-ақ шетелдік юрисдикциядан Қазақстан Республикасына капиталды қайтару және компанияларды елімізге қайта тіркеу жөніндегі тапсырмалардың орындалуы туралы есеп берілді.

Президент аталған үдерістердің аса маңызды екенін, олардың жүзеге асырылуы Қазақстанға ірі активтердің қайтарылуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар Қаржы орталығының аймақтық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін көрсететінін айтты,

— делінген хабарламада.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров