Атыс

Атыраудың қақ ортасында үш адамды атып тастады

Фархат ӘБІЛОВ

ПД баспасөз қызметі

Атырауда қаланың қақ ортасында үш адамды атып тастады.

Тағы бір адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Экспресс К.

Атыс қала ортасындағы Авангард ықшам ауданында болды. 27 және 22 жастағы екі жігіт оқиға орнында қаза тауып, басына оқ тиген 26 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілді. Кейін жақын жердегі мейрамхананың жанынан тағы бір адамның мәйіті табылды.

Алдын-ала мәлімет бойынша, екі жігітте көліктің ішінде атып өлтірген. Кейін тағы бір адамды көшеде өлтірген. Үш адамды атып өлтірген күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Әлеуметтік желіде атқыш Калашников қаруын қолданды деген мәлімет тарады.

Оқиға орнында Атырау облыстық полиция департаментінің тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. ҚК 99 (Адам өлтіру) бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті әлі ұсталмады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров