Владимир Зеленский

Зеленский: Біз НАТО-ға кірмейтінімізді түсіне бастадық

Экспресс К

Ukrainian Presidential Press Office/AP

Владимир Зеленский Украина НАТО-ға кіре алмайтынын мойындау керек екенін айтты.

Украина президенті бұл туралы Біріккен экспедициялық күштерге (Joint Expeditionary Force) кіретін мемлекеттер басшыларының онлайн-кездесуінде айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

"Біз мұны түсінеміз, адекват адамдармыз. Біз қаншама жыл бойы оларға есік ашық дегендей ақпаратты естіп келдік, бірақ қазір оған кіре алмайтынымызды түсіне бастадық. Бұл шындық және оны мойындау керек. Халқымыз осыны мойындап, өзіне және бізге көмектесіп жатқан серіктестерімізге сене бастағанына қуаныштымын", — деді Зеленский.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров