Телеарна

Тікелей эфирде соғысқа қарсы плакатпен шыққан қызметкерге айыппұл салынды

Экспресс К

Видеодан кадр

Мәскеудің Останкино соты сейсенбіде "Время" бағдарламасының студиясына соғысқа қарсы плакатпен шыққан "Бірінші арна" қызметкеріне 30 мың рубль айыппұл салды.

Бұл туралы Экспресс К РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Мария Овсянниковаға қатысты материал Ресей Федерациясының ӘҚБтК 20.2-бабының 2-бөлігі бойынша жасалды (рұқсатсыз қоғамдық шараны ұйымдастыру немесе өткізу).

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін бір күн бұрын жарияланған тағы бір бейне қызықтырды, онда Овсянникова адамдарды митингтерге шығуға шақырған.

Овсянникованың өзі сот отырысында кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді.

Мен кінәні мойындамаймын, бұл менің соғысқа қарсы сөзім болды,

— деді ол.

Ал Украина президенті Зеленский Ресей телеарнасындағы тікелей эфирде соғысқа қарсылық білдіргені үшін Овсянниковаға алғыс айтты.

Кеше әлеуметтік желіде Ресейлік "Бірінші арна" жаңалықтарының тікелей эфиріне плакат ұстап, студияға кірген қыздың бейнежазбасы тарады.

Бұл туралы ЭК жазған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров