Атыс

Атырауда үш адамды өлтірген сәт бейнежазбаға түсіп қалған

Фархат ӘБІЛОВ

ПД баспасөз қызметі

Атырауда үш адамды атып өлтірген күдіктінің қылмысы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Бейнежазбада қара киім киген жігіттің көлік ішінде отырғандарға оқ жаудырғанын көруге болады, деп хабарлайды Экспресс К.

Күдіктінің қасына ақ түсті көлік тоқтаған кезде, ол бірден оқ жаудыра бастайды. Кейін ол қашып кетеді. Атқыш қашып бара жатырғанда тағы бір адамды атып өлтіреді. Осылайша бір адамның қолынан үш адам қаза тапты.

Белгілі болғандай, қаза тапқан жігіттер қала маңындағы Еркінқала ауылының тұрғындары. Олар күдіктімен осыған дейін сөзге келіп қалған. Атқыш осылайша кек алмақ болған.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдіктіге іздеу жарияланды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров