Атыраудағы атыс: Оқ атқан күдікті ұсталды

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Атыс қала ортасындағы Авангард ықшам ауданында болған.

Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

"Қылмыс жасады деген күдікпен 1993 жылы туған Маңғыстау облысының тумасы анықталып, ұсталды. Оқиға жеке келіспеушіліктер негізінде орын алған", — деді ПД баспасөз қызметі.

ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Кеше Атырауда қаланың қақ ортасында үш адамды атып кеткен болатын.

Салдарынан 27 және 22 жастағы екі жігіт оқиға орнында қаза тауып, басына оқ тиген 26 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілді.

Күдіктінің қылмысы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров