Newscorr

Newscorr: Автотұраққа таласқандар бір-біріне қанжар ала жүгірді

Экспресс К

Видеодан кадр

Тұрғын үйдің ауласында бір-біріне жол бермеген жастардың ерегісінің соңы төбелеске айналды. Әлі жетпеген біреуі тіпті машинасын ашып, қарсыласын суық қарумен тойтармақ болды.

Бейнежазбадағы оқиға Алматы қаласының "Шұғыла" ықшамауданында болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға видео жолдаған автор төбелесті кездейсоқ көріп қалған. Аулада шу болып жатқан соң балконға шыққан тұрғын төбелестің соңы қанмен аяқталмауына себепкер болған. Ол төмендегілерге айқайлап полиция шақырамын деген соң жастар тәубесіне келген секілді.

Оқиға "Алма сити" тұрғын-үй кешенінде болған. Бейнежазбада автотұрақтағы соңғы орынға таласқан 4 жігіт бір-бірін қуалап тепкілеп жүр. Видеода екі көліктің де мемлекеттік тіркеу номерлері анық көрінеді. Біреуі ресейлік нөмерлі көлік болса, екіншісі Шымкент қаласында тіркелген екен.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азамат бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңге ге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров