Қоғамдық көлік

Автобуста орыс жігіті Абайдың әнін шырқады

Ержан ШАЙЖАН

Видеодан кадр

Қоғамдық көлікте Абай Құнанбаевтың “Желсіз түнде жарық ай” әнін шырқаған жігіт көпті сүйсінтті.

Бейнежазбадағы жігіттің кім екені белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К.

Ұлы ақынның өлеңін автобуста насихаттаған орыс азаматының видеосы Facebook әлеуметтік желісінде пайда болды. Онда жас жігіт жұмыстан қайтып келе жатқан жолаушыларға ән айтып, көңілдерін көтеруге тырысып жатыр.

Бейнежазбаның еліміздің қай қаласында түсірілгені әзірге белгісіз. Ал желі қолданушылары қазақтың әнін нақышына келтіріп орындаған азаматқа түрлі пікір қалдырып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров