Украина

Украинаны қалпына келтіруге шамамен қанша миллиард қажет екені белгілі болды

Олжас НҰРЖАҚЫП

©AP/Pavel DOROGOY

Украина билігі Ресеймен арадағы шиеленіс салдарынан қаншалықты шығынға батқанын есептеді. Қазіргі уақытта шамамен елді қайта қалпына келтіру үшін 565 миллиард доллар қажет екен.

Бұл туралы Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

УНИАН ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Украинаның үкімет басшысы Денис Шмыгаль Польша, Словения және Чехия премьерлерімен кездесу өткізген. Сол жиында Ресеймен арадағы шиеленіс салдарынан қаншалықты шығынға батқаны жайлы ақпарды жариялады. Оның айтуынша, елді қайта қалпына келтіру үшін қазірдің өзінде шамамен 565 миллиард доллар қажет екен.

Еуропалық одақ барынша қолдау көрсетіп отыр. Біз әлем елдерін осы соғысты тоқтатуға және мемлекетімізді қайта қалпына келтіруде көмектесуге шақырамыз. Қазірдің өзінде ондаған ел өздігінше қол ұшын созуда. Біздің ризашылығымыз шексіз,

— дейді Денис Шмыгаль.

Сондай-ақ, ол Үкімет ел экономикасына келген шығынды есептеуге арналған топтың құрылғанын, әрі белсенді жұмысқа кіріскенін хабарлады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров