Newscorr

Newscorr: "Археологиялық қазба жұмыстары". Тас жол ма, кірпіш жол ма?

Экспресс К

© Newscorr

Оралда жол жөндеушілер жұрттың наразылығын туғызды. Бұл не қылған көзбояушылық? Жол жөндеу үшін бөлінген миллиондар қайда кетті, дейді тұрғындар.

Жол жөндеушілер шұрық-тесік көшеге битум емес ескі кірпіш төсеп жатқан, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға видео жолдаған тұрғынның айтуынша Оралдықтардың көрген күні осы. Қаланың орталығынан басқа көшелердің дені осындай шұрық-тесік болып жатады. Қар еріп, жер қарайғасын жол жөндеушілер көшедегі тесіктерді кірпішпен бітейді екен.

Дегенмен коммуналдық қызмет өкілдері бұл уақытша әдіс дейді. Өйткені қазір ауа температурасы төмен болғандықтан битумды асфальт қатып үлгермейді. Күн жылыған соң жол жөндеу жұмыстарын қайта жүргіземіз, дейді олар.

Ал тұрғындар болса, үндемей қалсақ, олар тап осы күйінде келесі жылдың үлесіне қалдырып кетеді деп отыр.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға арнап азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азамат бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңге ге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров