Мені биліктен кетіргісі келгендердің арасында белгілі адамдар бар - Тоқаев


ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауы басталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президентті қаңтар оқиғасы кезінде биліктен кетіргісі келгендер болғанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдар заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді,
Оқи отырыңыз:
Мемлекет басшысы сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс деп айтты.
Онда қызмет ететін азаматтар да — өз бауырларымыз. Олар елмен бірге екенін, туған халқы үшін қасық қаны қалғанша күресетінін дәлелдеді,