Президент партияда болмауы керек - Тоқаев

Ержан ШАЙЖАН

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында бұдан бөлек әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға заңмен тыйым салу керек екенін айтты.

Бұл туралы Президент Қазақстан халқына арналған жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Экспресс К.

"Президенттің өкілеттігі кезеңінде партия мүшелігін тоқтату міндетін заңмен бекітуді ұсынамын. Бұл норма саяси бәсекелестікті арттырады, барлық партиялардың дамуына тең жағдай жасайды Біз бұл тәжірибелерден біртіндеп бас тартуымыз керек. Мемлекеттің ұзақ мерзімді мүдделері мен үшін кез келген қосымша билік рычагтарынан маңызды.Әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға заңмен тыйым салу керек. Мұндай шешімдер көпполярлы партиялық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді", — деді Президент.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 2019, 2020, 2021 жылдары қыркүйек айларында жолдау жасаған болатын. Бірақ ол кезде елдегі пандемияға байланысты Президент жолдауларын онлайн форматта өткізді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров