Президент

Тоқаев: "Шындыққа жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман кетті"

Олжас НҰРЖАҚЫП

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында елдегі реформаларды көзбояшылық үшін жасамау қажеттігін айтты.

Әрі халыққа көпірме сөз бен бос уәде қажет емес екеніне де тоқталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында еліміздегі реформаларға қатысты ойын айтты. Әрі қазір бос уәде мен көпірме сөздің заманы өткенін, нақты істердің кезеңі келгеніне тоқталды.

"Бұл өзгерістерді көзге жақсы көріну үшін жасамаймыз. Құлаққа жағымды, бірақ орындалуы екіталай күмәнді көрсеткіштерге алданбаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті. Халыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек", — деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, кез-келген нәрсені ашық айтып, оның оң шешімін іздеуді жолға қою керек екенін де айтты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров