Президент

Мәжіліс, Сенаттағы депутаттар саны азаятын болды

Бек ТӨЛЕУОВ

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттегі депутаттар саны азаятынын айтты.

Бұл туралы Президент Қазақстан халқына арналған жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Экспресс К.

Сенаттағы президенттік квотаны бақылау құралы ретінде емес, аз қамтылған әлеуметтік топтардың дауыстары мен пікірлерін есепке алу тетігі ретінде қарастырған жөн. Енді Сенаттағы президенттік квотаны 15-тен 10-ға дейін қысқарту туралы шешім қабылдадым,

— деді Қасым -Жомарт Тоқаев.

Ол Парламенттің төменгі палатасы ешкімге жасанды артықшылық бермей, елдің бүкіл сайлау ландшафтын көрсетуі керек деп айтты.

Осылайша, біз Мәжілістегі ҚХА квотасын жоямыз, бұл менің ойымша, саяси жағынан да, құқықтық тұрғыдан да дұрыс. Бұл квота Сенатқа беріліп, 9-дан 5-ке дейін қысқартылды. Алдағы уақытта Мәжілістегі жалпы депутаттық орын азаяды,

— деді Президент.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров